Ботай Кембриджді бағындырды: ұлы дала мұрасы әлемдік аренада

    Ботай Кембриджді бағындырды: ұлы дала мұрасы әлемдік аренада

    Макдональд археологиялық зерттеулер институтының «Еуразия: ежелгі өзара байланыстарды зерттеудегі жаңа бағыттар» атты халықаралық конференциясы аясында Кембридж қаласында «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесі өтті. Көрме Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, өңір басшылығы мен Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

    Көрмеге халықаралық ғылыми және академиялық қауымдастықтың 100-ге жуық өкілі қатысты. Олардың қатарында Кембридж мэрі Мария Клеминсон, Кембридж университетінің профессоры Кэмерон Петри және Эксетер университетінің профессоры Алан Отрам болды.

    Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің қорынан археологиялық жәдігерлер, этнографиялық бұйымдар және Ботай мәдениетіне арналған 22 көркем туындысы ұсынылды.

    Жобаның негізгі мақсаты – Ботай мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен таныту, ғылыми және мәдени ынтымақтастықты дамыту. Конференция аясында Ботай мәдениетіне қатысты нысандарды ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу жөніндегі жұмыс аясында оларды халықаралық деңгейде таныстыру перспективалары да талқыланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары