
Педикулез (pediculosis, биттеу)— тері мен оның туындыларында, яғни шашта паразиттік тіршілік ететін биттерден туындайтын ауру. Адамда бас биті (Pediculus humanus capitis), киім биті (Pediculus humanus corporis) және шат биті (Phtyrus pubis) паразиттік тіршілік етуі мүмкін. Осыған сәйкес бас педикулезі, киім педикулезі және шат педикулезі болып бөлінеді.
Сонымен қатар аралас педикулез де кездесуі мүмкін. Бұл кезде педикулездің бірнеше түрі қатар байқалады (мысалы, бас және киім биттерінің бір мезгілде жұғуы).
Биттер иесінің қанымен қоректенеді, ал жұмыртқаларын ( сіркелерін) шашқа жабыстырып қояды. Киім биті жұмыртқаларын көбінесе киімнің қатпарларына салады, сирек жағдайда адам денесіндегі түктерге жабыстырады.
Педикулездің түрлері
- Бас педикулезі:паразиттер бастың шашты бөлігінде тіршілік етеді.
- Киім педикулезі:биттер киімнің қатпарларында мекендейді.
- Шат педикулезі:шат аймағындағы және қас сияқты түкті жерлерді зақымдайды.
Симптомдары
Педикулездің негізгі белгілері:
- бит шаққан жерлерде терінің қышуы;
- теріде ұсақ сұрғылт-көгілдір дақтардың пайда болуы;
- тырнаудан пайда болған жарақаттар (экскориациялар);
- шашта сіркелердің болуы.
Жұқтырған сәттен бастап аурудың алғашқы белгілеріне дейін бірнеше апта өтуі мүмкін.
Тырналған жерлерге инфекция түскен жағдайда терінің іріңді аурулары дамуы мүмкін.
Киім биттері бөртпе сүзегінің және басқа да риккетсиоздардың негізгі тасымалдаушылары болып табылады. Бөртпе сүзегін бас биттері әлдеқайда сирек, ал шат биттері жекелеген жағдайларда ғана таратады.
Биттер ауру қоздырғыштарын тасымалдаушы ретінде
Киім биттері жұқпалы ауруларды, мысалы, риккетсиялар қоздыратын Волынь қызбасын таратуы мүмкін.
Бас битібит арқылы берілетін қайталама сүзектің қоздырғышын, ал киім биті бит арқылы берілетін бөртпе сүзегінің қоздырғышын тасымалдауы мүмкін.
Емі және алдын алу
- Паразиттерді жою үшін арнайы дәріханалық құралдар (сусабындар, спрейлер) қолданылады. Сонымен қатар сіркелерді жиі тісті тарақпен мұқият тарап алып тастау қажет.
- Киім мен төсек-орынды жоғары температурада жуып, кейін үтіктеу қажет.
- Науқаспен байланыста болған адамдар мен отбасының барлық мүшелерін тексеру маңызды.
- Алдын алу шараларына жеке бас гигиенасын сақтау, басқа адамның тарағын пайдаланбау және шашты үнемі тексеріп отыру жатады.
Дайындаған: Әуезов ауданы СЭББ бас маманы Уйкекбаева Алия Абайхановна









