ІІМ: Полиция қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 537 фактісінің жолын кесті

    ІІМ: Полиция қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 537 фактісінің жолын кесті

    Ішкі істер министрлігі жанар-жағармай материалдарының ел аумағынан заңсыз шығарылуының жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.

    48 автокөлік өткізу пунктінде полиция қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған. Қосымша жанармай бактарымен жабдықталған көлік құралдарына ерекше назар аударылуда.

    Жыл басынан бері жалпы сыйымдылығы 150 тоннадан асатын қосымша бактарды заңсыз орнатудың 537 фактісінің жолы кесілді.

    Мысалы, 2 қазанда Жамбыл облысында көршілес мемлекеттің азаматы жүк көлігіне рұқсатсыз көлемі 500 литр болатын қосымша бак орнатқаны анықталды. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бак алынып тасталды.

    Жанар-жағармай материалдарының елден заңсыз шығарылуының жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары