
Ұлытау облысында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және оның алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 388 келіден астам есірткі затын тәркіледі. Сонымен қатар есірткі бизнесіне қатысы бар үш топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды.
Интернет кеңістігіндегі есірткі тарату арналарына қарсы іс-қимыл да күшейтілген. «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі таратуға қатысты 2 631 интернет-ресурс бұғатталды.
Алдын алу жұмыстары аясында жастар арасында 908 профилактикалық іс-шара өткізіліп, 45 мыңнан астам адам қамтылды.
Ұлытау облысының Полиция департаменті есірткі қылмыстарының алдын алу, заңсыз айналым арналарының жолын кесу және жастар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыруда.









