
Ұстаз – еңбегі болашақпен сабақтас ардақты маман. Оның білімі мен кәсіби шеберлігіне, төзімділігі мен әр баланың бойындағы қабілетті көре білуіне жаңа буынның қандай болып қалыптасатыны тікелей байланысты.
Бүгінде білім беру жүйесінің алдында жаңа міндеттер тұр. Оқыту технологиялары өзгеріп, заманауи білім беру құралдары енгізілуде, оқушылардың дамуы мен өзін-өзі танытуына жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Алайда осы өзгерістердің арасында ең басты құндылық – ұстаздың тұлғасы, оның балаға деген ықыласы мен қамқорлығы, қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп, өз бетінше өмір сүруге алғашқы қадам жасауына көмектесуге деген дайын болуы өзгеріссіз қалады.
Жітіқара ауданының білім беру саласында білікті ұстаздар қауымы еңбек етеді. Арамызда талай жылдық тәжірибесі бар ұстаздармен қатар, кәсіби жолын енді бастап келе жатқан жас мамандар да бар. Олардың әрқайсысы ауданымыздағы білім беру ісінің дамуына, балалардың сапалы білім алып, жан-жақты қалыптасуына өзіндік үлесін қосып келеді.
Педагогикалық еңбек ардагерлеріне айрықша алғысымызды білдіреміз. Сіздердің жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибелеріңіз, мамандыққа деген адалдықтарыңыз және талай ұрпақты тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлестеріңіз - осы елеулі еңбекті жалғастырып келе жатқан ұстаздар үшін үлгі-өнеге.
Құрметті ұстаздар!
Сіздерге күнделікті еңбектеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және балаларға деген шынайы қамқорлықтарыңыз үшін алғыс білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби жетістіктер тілеймін. Шәкірттеріңіз толағай табыстарымен қуанта берсін, игі істеріңіз берекелі болып, абыройларыңыз арта берсін!
Жітіқара
ауданының әкімі А. Жаныспаев









