ҰҚК ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ ІРГЕТАСЫНА КАПСУЛА САЛЫНДЫ

    ҰҚК ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ ІРГЕТАСЫНА КАПСУЛА САЛЫНДЫ
    ✅ Төлеби ауданында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің Төлеби аудандық бөлімшесіне арналған жаңа ғимараттың іргетасына капсула салу рәсімі өтті.
    ✅ Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Талғат Мелдешов, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлегенов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, ҰҚК Төлеби аудандық бөлімшесінің басшысы Дәулет Тастеміров, Ленгір қаласының әкімі Мақсат Жұмабаев, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен аудан ардагерлері қатысты.
    ✅ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 1992 жылғы 13 шілдеде құрылып, отыз жылдан астам уақыт бойы елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын, конституциялық құрылысын, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздігін қорғау бағытында маңызды міндеттерді атқарып келеді.
    ✅ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Ұлттық қауіпсіздік жүйесі – мемлекеттігіміздің басты тұғыры». Осы ретте ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелетін жауапкершілік айрықша.
    ✅ Жаңа ғимараттың бой көтеруі ұлттық қауіпсіздік саласында қызмет атқаратын мамандарға заманауи талаптарға сай жұмыс жағдайын қалыптастырып, өздеріне жүктелген міндеттерді тиімді орындауына мүмкіндік береді.
    ✅ Капсула салу рәсімі – жаңа нысан құрылысының басталуын айқындайтын маңызды тарихи сәт. Сонымен қатар ол ел қауіпсіздігіне деген жауапкершіліктің, мемлекетке адал қызмет етудің және ұрпақтар сабақтастығының символдық белгісі саналады.
    Жаңа нысанның құрылысы сәтті аяқталып, ел қауіпсіздігі мен халық игілігі жолындағы маңызды қызметке өз үлесін қоса берсін!
    ©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары