
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы: Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы
Электрондық пошта мекенжайы: [email protected] (сұрақтар болған жағдайда)
Байланыс телефоны: 8 /7292/ 46-25-50 (1175), 87078953369,87077811272
Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік грант беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беретін орын: «Kezekte.kz» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады.
Өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы «09» қазаннан бастап 2026 жылғы «18» қазанға дейін қоса алғанда.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-upp/documents/details/1074726?lang=kk ресми сайтында танысуға болады.






