Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы
Басқарма туралы
«Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік пен сауданы дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері: жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік сауда саясатты жүргізуді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Құрметті Маңғыстау облысының кәсіпкерлері мен дамушы жандары сіздерді 12 ақпан күні 19.00 өтетін Mangystau Business Talks бизнес-форумына шақырамыз. Стористеріңізге бөлісіп кетсеңіздер Бұл алаңда кәсіпкерлер, сарапшылар және сала өкілдері бас қосып, бизнес, даму, тәжірибе алмасу және жаңа мүмкіндіктер жайлы ой бөліседі. Іс-шараға тіркелу сілтемесі профильде. Тіркеу формасын толтыруыңызды сұраймыз. Қатысуыңыз біз үшін маңызды! 📌Күні: 12 ақпан Өтетін орны: Luxury мейрамханасы 29а шағын ауданы Уақыты: 19:00 Профильдегі сілтеме арқылы алдын-ала тіркелу міндетті.
Әлеуметік маңызы бар азық-түлік тауарларыың бағсын негізсіз өсірген кәсіпкерлік субъектілерге Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4 бабына сәйкес сауда орындарына ӘМАТ-на 15% мөлшерінде сауда үстемесі асырмау бойынша - айыппұл қарастырылған; Жеке кәсіпкерлер және шағын бизнес - айыппұл 5 АЕК мөлшерінде; Орташа бизнес-35 АЕК; Ірі сауда желілері-150 АЕК). Қазіргі таңда, өңірлік Азық-түлік тауарларының барлық тізбегіндегі баға белгілеу бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссиясы жұмыс жасауда. Комиссия құрамында мемлекеттік орган қызметкерлері, саяси партия төрағалары және қоғам белсенділері бар. Комиссия кәсіпкерлік нысандарын аралап, бағаныи негізсіз өсірген кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 204.4-бабы бойынша ӘМАТ бағаларының үстеме ақысын 15% дан асырғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылады.
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362-нқ бұйрығымен бекітілген тұрғындар күнделікті қолданатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі: 1.Бірінші сортты бидай ұны 2. Бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан (пішінді) 3. Рожки 4. Қарақұмық жармасы (дән) 5. Тазартылған күріш (домалақ дәнді) 6. Картоп 7. Асханалық сәбіз 8. Басты пияз 9. Ақ қауданды қырыққабат 10.Қызанақ ("шие", "жүзім" сорттарынан басқа) 11. Қияр ("корнишондар"сортынан басқа) 12. Алма 13. Ақ қант – құмшекер 14. Күнбағыс майы 15. Сүйегі бар сиыр еті 16. Сүйексіз сиыр еті 17. Тартылған ет 18. Қой еті, оның ішінде сүйексіз 19. Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз 20. Жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық (табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан) 21. Тауық еті (тауық жамбасы, сирағы, сан еті) 22. Тауық (ұшасы) 23. Майлылығы 2,2-6% пастерленген, ультра пастерленген, зарарсыздандырылған сүт дәмдік қоспалары жоқ (лактозасызды қоспағанда) 24. Майлылығы 2-3 % айран (лактозасызды қоспағанда) 25. Қаймақ (лактозасызды қоспағанда) 26. Майлылығы 5-9% сүзбе (лактозасызды қоспағанда) 27. Майлылығы 40-50% қатты, жарлытай қатты ірімшік 28. Сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5%-дан 80%-ға дейін, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ) 29. Тауық жұмыртқасы (I санатты) 30. Қара шай (дәмдік қоспалары жоқ, пакеттелгендерден басқа) 31. Ac тұзы ("Экстра"-дан басқа)
Өңірге айға бөлінген сұйытылған мұнай газ (бұдан әрі-СМГ) көлемі 18 000-19 000 мың тонна. Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 1 тамызынан бастап СМГ өнімінің бағасына өзгерістер енгізілді, Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі баға 72 теңге, ал облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандарда литріне 77 теңге болып бекітілді. Басқа аймақтардағы баға : Атырау, Ақтөбе облыстары – 85 -90 тг.; Шымкент – 102 тг; Павлодар облыстары 112-117 тг құрайды. Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігінің хаттамасына сәйкес, Маңғыстау облысына 2026 жылдың II-тоқсан сәуір, мамыр айына 18 000 тонна және маусым айына 17 000 тонна СМГ бөлінді. Сонымен қатар, негізгі бөлінсі көлемі жетіспейтін болғандықтан, Маңғыстау облысы әкімдігі ҚР Энергетика министрлігінен қосымша СМГ көлемін сұратуға жүгінеді, қосымша 1500-2000 тонна СМГ бөлінеді. Жаңа бағаға өту кезінде, Маңғыстау облысы әкімдігі тарапынан кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бағаны кезең-кезеңімен көтеру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды, 2025 жылдың 7 тамызынан бастап Маңғыстау облысы жаңа бағаға көшті, облыс аумағында жаңа бағаға көшу кезінде тұрғындар тарапынан наразылықтар туындаған жоқ.
Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ
Ақтау қ. 30 шілде 2026 жылы Маңғыстау облысының әкімдігі Төрағалық еткен:Комиссия төрағасының орынбасары Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармаcының басшысы П. Сансызбаев, Комиссия төрағасы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Т. Жеткізгенұлы Қарақия ауданының шаруа қожалықтарымен кездесуде іссапарда. Қатысқандар:Ақтау қаласы әкімі Ә.Ж. Байпаков, Жаңаөзен қаласы әкімінің м.а. М.А. Мұқаш, Бейнеу ауданы әкімі Р.Ы.Шалбаев, Түпқараған ауданы әкімі Е.К.Күміскалиев, Маңғыстау ауданының әкімі Ғ.М.Ниязов, Қарақия ауданының әкімі С.Қ.Төретаев, Мұнайлы ауданы әкімі Қ.Ж.Құлжанов, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Н.Т.Абабукиров, «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Үсіпбаев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы С.С. Мынбаев, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Ү.Имашов Қатыспады: Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары А.А.Шарапатдинов, Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының м.а. А.Қоштаев Хатшы: Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы сауда және мониторинг бөлімінің бас маманы Ж. Әзімбаев (Комиссия отырысы аудио-видео бақылау арқылы жүргізілді) Күн тәртібі: Мұнайлы ауданы бойынша сұйытылған мұнай газын бөлу жөнінде комиссия отырысыныңа.ж. тамыз айынан бастап лимиттен кәсіпкерлерді қию бойынша (ЖК «Бердыев Н», ЖК «Бек») 2026 жылғы 23 шілдедегі № 01-4-4/242 хаттамасы негізінде облыстық жиынтық тізілімге өзгерістер енгізу 1.1.Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» № 358 бұйрығының 28-1-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган ағымдағы немесе алдыңғы тоқсанда инфрақұрылымның болуы және оның қуаты туралы, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өткізу туралы анық емес мәліметтер негізінде бөлуде көлемдерді алу фактісін анықтаған жағдайда тиісті тұлға бөлуді түзету жолымен сұйытылған мұнай газын ағымдағы тоқсанға бөлуден алып тастауға жататындығы назарға алынсын. Мұнайлы ауданы әкімдігінің ақпараты назарға алынсын. ҚР Энергетика министрлігінің 29.07.2026 жылғы № -8-/5219-И хатына сәйкес 2026 жылғы тамыз айына арналған «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нен қосымша 1 476 тонна және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-нан қосымша 504 тонна СМГ көлеміне жиынтық өтінімдерін қалыптастыру 2.1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» № 358 бұйрығының 30-тармағына сәйкес қосымша көлемі 1000 (бір мың) тоннадан артық және теміржол көлігімен әкету кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік үшін өнім беру жоспарына қосымша бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу – сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне берген өтінімге сәйкес жүзеге асыратыны назарға алынсын. 2.2. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы және қала, аудан әкімдіктерінің ақпараттары назарға алынсын. Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерін қалыптастыру жөнінде комиссия төмендегідей ШЕШІМ қабылдады. Мұнайлы ауданы бойынша сұйытылған мұнай газын бөлу жөнінде комиссия отырысының 2026 жылғы 23 шілдедегі № 01-4-4/242 хаттамасы негізінде 2026 жылғы 3-тоқсан бойынша жасақталған облыстық тізілімнің тамыз және қыркүйек айларына өзгерістер енгізіліп, №1,2-қосымшаларға сәйкес кәсіпкерлер арасында бөлінсін. Облыс бойынша өзгертілген жиынтық тізбе ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-ға жолдансын. ҚР Энергетика министрлігінің 29.07.2026 жылғы № -8-/5219-И хатын негізге ала отырып, Ақтау қаласы(30.07.2026 жылғы №01-19/4212), Жаңаөзен қаласы(30.07.2026 жылғы №01-15/3352), Мұнайлы ауданы(30.07.2026 жылғы № 01-18-1070), Бейнеу ауданы(30.07.2026 жылғы №01-08/2426 және №01-08-708),Қарақия ауданы(29.07.2026 жылғы № 01-19-959), Түпқараған ауданы(29.07.2026 жылғы №01-18-1275), Маңғыстау ауданы(29.07.2026 жылғы №01-26-877) әкімдіктерінің ұсынған тізбесіне сәйкес «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нен қосымша 1 476 тонна және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-нан қосымша 504 тонна сұйытылған мұнай газы көлемі №3-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлер арасында бөлінсін. 2.2. 2026 жылғы тамыз айына арналған қосымша сұйытылған мұнай газын беру туралы облыс бойынша жиынтық тізбесі жасақталып, ҚР Энергетика министрлігі, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на жолдансын. Қала және аудан әкімдіктеріне: 3.1. Осы хаттамамен қабылданған сұйытылған мұнай газы көлемдерінің бөлінісі қала және аудан аумақтарында іске асыратын кәсіпкерлік субъектілердің назарына жеткізілсін. 3.2. 2026 жылғы тамыз айына «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нен бөлінген негізгі 477 тонна а.ж. 7 тамызына дейін зауыттан толық жөнелтілуі және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруы қамтамасыз етілсін (Ақтау – 152,640 тн, Жаңаөзен – 121,635 тн, Қарақия – 21,465 тн, Мұнайлы – 78,705 тн, Бейнеу – 36,729 тн, Маңғыстау – 35,775 тн, Түпқараған – 30,051 тн). Аталған тапсырма уақытылы орындалмаған жағдайда жетекшілік ететін қала, аудандардың әкім орынбасарларына тәртіптік шара қабылдансын. 3.3. Ағымдағы жылғы тамыз айына қосымша «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нен 1 476 тонна сұйытылған мұнай газ көлемінің а.ж.15 тамызына дейін зауыттардан толық жөнелтілуі және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруы қамтамасыз етілсін. Аталған тапсырма уақытылы орындалмаған жағдайда жетекшілік ететін қала, аудандардың әкім орынбасарларына тәртіптік шара қабылдансын. 3.4. Сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемі тиісті қала және аудандардың аумақтарында пайдалануына қатаң бақылау жүргізілсін және күнделікті есепті облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына ұсынылсын. Осы хаттаманың орындалысын бақылауды облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына жүктеледі. Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары П. Сансызбаев Комиссия хатшысы Ж. Әзімбаев КЕЛІСІЛДІ: Ақтау қаласының әкімі Ә.Ж. Байпаков Жаңаөзен қаласы әкімінің м.а. М.А. Мұқаш Мұнайлы ауданы әкімі Қ.Ж. Құлжанов Түпқараған ауданы әкімі Е.К. Күміскалиев Маңғыстау ауданының әкімі Ғ.М. Ниязов Қарақия ауданының әкімі С.Қ. Төретаев Бейнеу ауданы әкімі Р.Ы. Шалбаев Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының м.а. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары А. Қоштаев Н.Т. Абабукиров «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.М. Үсіпбаев Маңғыстау облыстық қоғамдық Кеңесінің мүшесі Ү. Имашов Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы С.С. Мынбаев Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары А. Шарапатдинов Согласовано 30.07.2026 18:37 Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы 30.07.2026 18:40 Ниязов Ғалымжан Мұқырұлы 30.07.2026 18:43 Күміскалиев Ержан Копярович 30.07.2026 18:43 Төретаев Сымбат Қуанышұлы 30.07.2026 18:54 Байпаков Абилкаир Жанаевич 30.07.2026 18:59 Мұқаш М. А. ((и.о Кайнарбаев Ж.И)) 30.07.2026 19:33 Құлжанов Қанат Жаңбырұлы Подписано
Жарияланды:
Хаттама
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты жұмыс тобы отырысының хаттамасы
Төрағалық етті: - Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы, жұмыс тобының төрағасы – П.Б.Сансызбаев Қатысқандар: - жұмыс тобы (тізім бойынша) Күн тәртібі: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы 1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты жұмыс тобының (одан әрі – Жұмыс тобы) Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының 2025 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша аналитикалық анықтамалығындағы ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықтамалары назарға алынсын. 2) Жұмыс тобының Басқарманың ресми сайтына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жөнінде шешімі назарға алынсын. 3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қою жұмыстары уақытылы жүзеге асырылсын Жұмыс тобының төрағасы: Сансызбаев П.Б. Жұмыс тобының мүшелері: Серикбаев И.Б. Габбасова А.К. Ерниязова А.М. Закиржанов Р.Б. Жұмыс тобының хатшысы: Ордабаева Г.К.
Жарияланды:
Хаттама
Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссияның ХАТТАМАСЫ
Ақтау қ.25маусым2026ж. Маңғыстау облысы әкімдігі Төрағалық еткен:Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Т. Жеткізгенұлы Төраға орынбасары:Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы П. Сансызбаев Қатысқандар:Ақтау қаласы әкімі Ә.Ж. Байпаков, Жаңаөзен қаласы әкімінің м.а. М.А. Мұқаш, Бейнеу ауданы әкімінің м.а. Т.Т.Нұрмағанбетов, Түпқараған ауданы әкімі Е.К. Күміскалиев, Маңғыстау ауданы әкімінің м.а. Алтынгалиев Т.А., Қарақия ауданының әкімі С.Қ.Төретаев, Мұнайлы ауданы әкімінің м.а. С.А.Канапин, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Н.Т.Абабукиров, Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының м.а. А. Қоштаев, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары А.А.Шарапатдинов, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Ү.Имашов, «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Үсіпбаев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы С.С. Мынбаев Хатшы: Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы С. Маңғыбай Қатысқандар:тізім бойынша (Комиссия отырысы аудио-видео бақылау арқылы жүргізілді) Күн тәртібі: ҚР Энергетика министрлігінің 11.06.2026 жылғы №07-13/3968-И хатына сәйкес, 2026 жылғы үшінші тоқсанға арналған сұйытылған мұнай газ көлеміне жиынтық өтінімдерін қалыптастыру Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы және қала/аудан әкімдіктерінің ақпараты назарға алынсын. Маңғыстау облысы бойынша сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөнінде комиссия төмендегідей шешім қабылдады: 1.1 ҚР Энергетика министрлігінің 11.06.2026 жылғы №07-13/3968-И хатын негізге ала отырып, Ақтау қаласы (19.06.2026 жылғы №01-19-49х), Жаңаөзен қаласы (25.06.2026 жылғы №02-05/49), Бейнеу ауданы (25.06.2026 жылғы №11), Мұнайлы ауданы (18.06.2026 жылғы №01-4-4/202), Маңғыстау ауданы (17.06.2026 жылғы №31), Қарақия ауданы (17.06.2026 жылғы №7), Түпқараған ауданы (17.06.2026 жылғы №7) әкімдіктерінің ұсынған хаттамаларына сәйкес №1,2,3-қосымшаларда көрсетілген кәсіпкерлер бөлінісінде сұйытылған мұнай газы бөлінсін. 1.2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» №358 бұйрығының 3-тарау 45-тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органға 150 (бір жүз елуден) астам өтінім берілген жағдайда, ол сұйытылған мұнай газын бөлуді мұндай жергілікті атқарушы орган бекіткен Тетікке сәйкес жүзеге асыратыны назарға алынсын. Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына: 1.3.. Комиссияның шешімімен мақұлданған 2026 жылғы үшінші тоқсанға (шілде, тамыз, қыркүйек) арналған сұйытылған мұнай газын бөлу жобасы бекітіліп, ҚР Энергетика министрлігіне, «Қазақ Газ Өңдеу Зауыты» ЖШС-не және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не жолдансын. 1.4..Осы хаттаманың көшірмесі қала, аудандар әкімдіктеріне жолдансын. Қала және аудан әкімдіктеріне: 1.5. ЖК Жупкали (Мұнайлы ауданы) қарасты автогаз құю бекеттеріне берілген ескертулер негізінде құрылыс жұмыстары 30 күн ішінде аяқталмаған жағдайда ағымдағы тоқсанға лимиттен шығарылсын. 1.6. Бекітілген ережелерге және нормаларға жатпайтын, толық құрылғылармен, сондай-ақ инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген және жұмыс жобасы мен эскиздік жобасы сәйкес емес жаңадан іске қосылатын газ құю бекеттері облыстық комиссияға ұсынылмасын. 1.7. Құжаттары толық рәсімделмей немесе құрылыс жұмыстары толық аяқталмай өнім беру жоспарына қосылған автогаз құю бекеттері анықталған жағдайда жауапты қала, аудан әкімінің жауапкершілігі қаралсын. 1.8. Осы хаттамамен қабылданған сұйытылған мұнай газы көлемдерінің бөлінісі қала және аудан аумақтарында іске асыратын кәсіпкерлік субъектілердің назарына жеткізілсін. 1.9. Сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемі тиісті қала және аудандардың аумақтарында пайдалануына қатаң бақылау жүргізілсін және күнделікті есепті облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына ұсынылсын. Осы хаттаманың орындалысын бақылау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына жүктеледі. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы Т. Жеткізгенұлы Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары П. Сансызбаев Комиссия хатшысы С. Маңғыбай КЕЛІСІЛДІ: Ақтау қаласының әкімі Ә.Ж. Байпаков Жаңаөзен қаласы әкімінің м.а. М.А. Мұқаш Мұнайлы ауданы әкімінің м.а. С.А.Канапин Түпқараған ауданының әкімі Е.К. Күміскалиев Маңғыстау ауданы әкімінің м.а. Т.А. Алтынгалиев Қарақия ауданының әкімі С.Қ. Төретаев Бейнеу ауданы әкімінің м.а. Т.Т.Нұрмағанбетов Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының м.а. А. Қоштаев Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Н. Абабукиров Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары А. Шарапатдинов