атау флорасы жаңа түрмен толықты: кәдімгі шәңкіш алғаш рет тіркелді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    атау флорасы жаңа түрмен толықты: кәдімгі шәңкіш алғаш рет тіркелді

    Қаратау мемлекеттік табиғи қорығында жүргізілген далалық зерттеулер барысында Қаратау флорасы үшін жаңа түр — кәдімгі шәңкіш (Viburnum opulus L.) алғаш рет тіркелді. Өсімдік қорықтың солтүстік беткейінде мемлекеттік инспектор Сәкен Утембаев пен ғылыми қызметкерлердің бірлескен экспедициясы кезінде анықталды. Өсімдікке морфологиялық сипаттама жасалып, гербарий үлгісі жиналды және өскен жерінің географиялық координаттары тіркелді. Кәдімгі шәңкіш — Adoxaceae тұқымдасына жататын бұта. Гүлдері ақ, ал жемістері ашық қызыл түсті. Оның табиғи таралу аймағына Еуропа, Кавказ, Батыс Сібір және Орта Азия кіреді. Кәдімгі шәңкіштің қорық аумағында алғаш рет тіркелуі — Қаратау флорасының түрлік құрамын толықтыратын маңызды ғылыми дерек. Жиналған материалдар түрдің таралуын нақтылау және алдағы зерттеулер үшін пайдаланылатын болады. Ғылыми атауы: Viburnum opulus L. Қазақша атауы: кәдімгі шәңкіш Тұқымдасы: Adoxaceae Тіршілік формасы: бұта

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары