Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары – жеңіс тұғырында!

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары – жеңіс тұғырында!

    Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту, сондай-ақ «Адал азамат» концепциясын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған өңірлік пікірсайыс турнирі аяқталды.

    Зияткерлік сайыс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп бекіткен 2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеяларын ілгерілету жөніндегі Жол картасы аясында ұйымдастырылды.

    Тартысты әрі мазмұнды өткен пікірсайыста мамандарымыз жоғары дайындық пен ұшқыр ойдың үлгісін көрсетіп, қатысушылардың арасынан оза шауып 1-ші орынды иеленді.

    Мамандарымыз тек ел денсаулығын қорғау жолында ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-рухани бағытта да алдыңғы шепте екендерін дәлелдеді.

    Әріптестерімізді бұл жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіреміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары