Маңызды кезеңдердің бірі — 1994 жылы Қазақстан Республикасының «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы туралы» Заңының қабылдануы болды. Аталған заң егемен Қазақстан халқын санитариялық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін айқындады.
Осы кезеңде санитариялық-химиялық, токсикологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық және паразитологиялық зертханалардың, сондай-ақ физика-химиялық зерттеу әдістері мен радиациялық гигиена зертханаларының материалдық-техникалық базасы нығайтылды.
Республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бастамасымен 1996 жылға қарай 12 облыста және Алматы қаласында облыстық токсикологиялық зертханалар ашылды.
Бұл кезең санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мен зертханалық сараптаманы ұйымдастырудың заманауи моделіне көшудің маңызды кезеңі болды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








