Ұрпаққа ұлағат

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Ұрпаққа ұлағат

    Ұрпаққа ұлағат, қарттарға құрмет!
    Қазан айының алғашқы күндері елімізде қос бірдей айтулы мереке — Халықаралық қарттар күні мен Ұстаздар күні қатар тойланады. Осыған орай, Ойтоған ауылдық округінде мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен зор тағылымды мерекелік іс-шара өтті.
    Бұл салтанатты кеш ауылдың өсіп-өркендеуіне, жас ұрпақтың тәрбиесіне өмірлік үлесін қосқан ардагерлерге шексіз алғыс білдіру мақсатында ұйымдастырылды. Мерекелік шараға ауылымыздың еңселі 85 зейнеткер қариясы мен 28 ардақты ұстазы қатысты.
    Кеш барысында ауыл өнерпаздары мен мекеме қызметкерлері дайындаған ерекше концерттік бағдарлама көрерменге жол тартты. Сахна төрінде күмбірлеген күй тартылып, ана туралы, туған жер туралы әдемі әндер шырқалып, ақ жаулықты аналарымыз бен ақсақалды әкелерімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
    Шара соңында арнайы шақырылған барлық қадірменді қонақтарға ықылас гүлдері мен бағалы сый-сияпаттар табыс етілді. Өз кезегінде ауыл қариялары мен ұлағатты ұстаздар қауымы көрсетілген ерекше ілтипатқа, жылы лебіздер мен ұйымдастырылған тамаша кешке дән риза болып, ұйымдастырушыларға ақ баталарын берді.
    Қариясы бар жұрттың — қазынасы бар. Ауылдың ұйытқысы болып отырған ардақты үлкендеріміз бен аяулы ұстаздарымыз аман болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары