Жетісу облысы Ақсу ауданы Ойтоған ауылдық округі әкімінің аппараты
Ақсу ауданы әкімдігінің "Ойтоған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ақсу ауданы Ойтоған ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Жаңалықтар
АшуШетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты
АшуГоскорпорация представила AI-решения 1414 на форуме AI & Digital Bridge 2026.
АшуҰрпаққа ұлағат
🔎Мемлекеттік қызметтердің бірқатарын ХҚКО-ға бармай-ақ, үйден алуға болады.
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда
Құжаттар
Ойтоған ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында өткізілген семинар
Ойтоған ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында өткізілген семинар Х А Т Т А М А С Ы 28 тамыз 2026 ж. Ойтоған ауылы Сағат: 15-30 Қатысқандар: Ойтоған ауылдық округі әкімі Е. Қалқаман, Ойтоған ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымы. Барлығы 10 адам Жиналыс төрағасы -округ әкімі Е. Қалқаман Хатшы – бас маман ісжүргізуші Г. Ахметова КҮН ТӘРТІБІ: Ойтоған ауылдық округі әкімі аппаратында әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын фактілерге жол бермеу және олардың жолын кесу. Тыңдалды: Күн тәртібінде мәселе бойынша Ойтоған ауылдық округі әкімі Е. Қалқаман семинарға қатысушыларды жиналыстың тәртібімен таныстырды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз кезегін бас маман – М. Космилиановқа берді. Округ әкімі аппаратының бас маман – М. Космилианов өз сөзінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ Қылмыстық кодексi, қолданыстағы заңнамамен таныстырды. Кез келген бұзушылықты болдырмаудың басты факторы - заңдарды сақтау екенін атап өтті. Әрбір мемлекеттік қызметші өз міндеттерін толық көлемде орындау керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қатаң сақтау керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрбір азаматтың ерекше рөлін атап өтті. Әріптестерін кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы уақтылы хабарлауға міндетті екендігі туралы атап өтті. ШЕШІМ: Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл тұралы заны, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ Қылмыстық кодексi назарға алынсын. Ойтоған ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері арасында осы тақырып бойынша бақылау шаралары басты назарға алынсын. Осы хаттаманын орындалуын бақылау бас маман – іс жүргізуші Г.Ахметоваға жүктелсін. Жиналыс төрағасы Е. Қалқаман Хатшы Г. Ахметова