САРЫАҒАШ: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    САРЫАҒАШ: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

    Сарыағаш ауданында ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған құрылыс жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Аудан басшылығының бақылауында ветеринариялық және өрт қауіпсіздігі қызметтеріне арналған нысандардың құрылысы да бар.

    Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы және Қызылжар ауылдық округтеріне барып, салынып жатқан ветеринариялық бекеттердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын бекітілген талаптарға сәйкес жүргізіп, нысандарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

    Қазіргі таңда Жібек жолы және Қызылжар ауылдық округтерінде салынып жатқан ветеринариялық бекеттерде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

    Сонымен қатар, аудан әкімі Жібек жолы ауылдық округінде бой көтерген өрт сөндіру бекетінің құрылыс барысын да саралады. Нысандағы негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қазіргі уақытта оның сыртқы аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

    Айта кетсек, аталған нысандардың іске қосылуы ауылдық округтердегі ветеринариялық қызмет пен өрт қауіпсіздігі саласының материалдық-техникалық мүмкіндіктерін арттыруға және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары