ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН ҚҰРМЕТ: ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАРТТАР ҮЙІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН ҚҰРМЕТ: ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАРТТАР ҮЙІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Алматы облысының полиция қызметкерлері Қонаев қаласындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, мекеме аумағын абаттандыру жұмыстарына көмектесті.

    Полиция қызметкерлері аумақты тазалап, абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар ЖҚАЖ қызметкерлері қарттарды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен амандық тіледі.

    Кездесу жылы әрі жайлы жағдайда өтті. Полиция қызметкерлері қарттар үйінің тұрғындарымен әңгімелесіп, ән айтып, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

    Аға буынға қамқорлық жасау, адамдарға құрметпен қарау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау қарапайым адами істерден басталады.

    «Таза Қазақстан» дәл осыдан - айнала тазалығынан, қамқорлықтан және жанымыздағы адамдарға қол ұшын беруге дайын болудан басталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары