ЗАМАНАУИ ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖОЛДАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

    ЗАМАНАУИ ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖОЛДАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

    Заманауи цифрлық шешімдер полиция қызметкерлеріне жол қозғалысы барысында көлік құралдары туралы қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді.

    «ТОР» платформасы іздеуде жүрген көлік құралдарын анықтауға, сондай-ақ жүргізушілердің шаршау белгілеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Ал «Qorgau» жүйесі өрескел тәртіп бұзушылар туралы ақпаратты жедел алуға және тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

    Мобильді кешендер тек жылдамдықты арттыру фактілерін тіркеп қана қоймай, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерін танып, оларды қолданыстағы деректер базасындағы ақпаратпен салыстырады. Бұл іздеуде жүрген көлік құралдарын, сондай-ақ орындалмаған әкімшілік айыппұлдары бар автокөліктерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

    Цифрлық технологияларды қолданудың басты мақсаты - мүмкіндігінше көп жүргізушіні жазалау емес, құқық бұзушылықтардың алдын ала анықтап, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Өйткені барлық технологиялардың артында ең басты құндылық - адамдардың өмірі мен денсаулығы тұр.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары