Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында велотректен Қазақстан командасы қоржынына күміс медаль түсті.
Қазақстанға Азиадада алғашқы алтын жүлдені сыйлаған Рината Сұлтанова санаулы сəттер бұрын омниум бағдарламасында 4 жарыстың нәтижесінде күміс медаль жеңіп алды.
Бұл сында жарыс қожайыны Юми Каджихара топ жарды.




