Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан Қазақстан қоржыны кезекті жүлдемен толықты.
Әйелдер арасында 78 кг дейінгі салмақта отандасымыз Екатерина Токарева Мәриям Барбатты (Иран) ұтты. Осылайша, Қазақстан командасының өкілі жарысты 3-орында аяқтады.





