Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

    Бүгін Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы өтті.

    Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаев, оның орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

    Сессияның күн тәртібіне Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе енгізілді.

    Баяндама жасаған «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Ф. Завощенко депутаттар мен сессияға қатысушыларды аудандық бюджетке енгізілетін өзгерістермен таныстырды.

    Отырыстың қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған өзгерістерді қолдап, тиісті шешім қабылдады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары