
Халық даналығында «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген қанатты сөз бар. Халқымыздың дүниетанымын айқындайтын терең мағыналы сөз. Себебі қария – отбасының, тұтас елдің рухани қазынасы. Үлкендер әрдайым отбасының ақылшысы, ұрпақтың тәрбиешісі, әулеттің ұйытқысы ретінде бағаланады. Бала үшін атаның ақылы мен әженің әлдиі – өмір бойы есінде қалатын рухани сабақ. Әже тәрбиесін көрген бала мейірімділікті, ізеттілікті, қонақжайлылықты, үлкенді сыйлауды сіңіріп өседі. Ал атаның өнегесін көрген ұрпақ елін, жерін, туған тілін, салт-дәстүрін құрметтеуге ерте бейімделеді. Сондықтан халқымыз «Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» деп ұрпақ тәрбиесінде отбасы үлгісінің маңызын ерекше атап өткен. Осы орайда 1 қазан қарттар күніxХалық даналығында «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген қанатты сөз бар. Халқымыздың дүниетанымын айқындайтын терең мағыналы сөз. Себебі қария – отбасының, тұтас елдің рухани қазынасы. Үлкендер әрдайым отбасының ақылшысы, ұрпақтың тәрбиешісі, әулеттің ұйытқысы ретінде бағаланады. Бала үшін атаның ақылы мен әженің әлдиі – өмір бойы есінде қалатын рухани сабақ. Әже тәрбиесін көрген бала мейірімділікті, ізеттілікті, қонақжайлылықты, үлкенді сыйлауды сіңіріп өседі. Ал атаның өнегесін көрген ұрпақ елін, жерін, туған тілін, салт-дәстүрін құрметтеуге ерте бейімделеді. Сондықтан халқымыз «Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» деп ұрпақ тәрбиесінде отбасы үлгісінің маңызын ерекше атап өткен.








