«Елтану» жобасы аясында Ұланбел ауылында кездесу өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Ұланбел ауылында өскелең ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы өзара түсіністік пен бірлікті нығайту мақсатында «Елтану» жобасы аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.

    Аталған жоба Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарымен және рухани-адамгершілік тәрбие қағидаттарымен үндесе отырып, жастардың бойында отансүйгіштік, елжандылық, ұлттық сана мен тарихи-мәдени құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға бағытталған.

    Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Қасымқызы және Тараз қалалық «Өзбек» этномәдени бірлестігінің төрағасы Абдурахман Юлдашевич арнайы қатысып, «Елтану» жобасының маңызы мен негізгі мақсаттары жөнінде сөз сөйледі.

    Кездесу барысында еліміздің бірлігі мен қоғамдық келісімінің маңызы, ұлттық құндылықтарды сақтау, жастардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттыру және түрлі этнос өкілдері арасындағы достық пен өзара сыйластықты нығайту мәселелері кеңінен айтылды.

    Жиын соңында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, ел бірлігін сақтау мен өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие берудің маңыздылығын атап өт

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары