Ауданда бюджеттің орындалуы және халық көтерген мәселелер талқыланды

    1 / 7

    Қарақияда аудандық аппараттық жиналыс өтті. Жиналыста 2026 жылдың маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелері мен атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бабаева Жансұлу Күмісқалиқызы бюджетке кіріс бөлігінің орындалуы және қосымша түсімдер туралы баяндама жасап, қаржылық түсімдерді арттыру бағыттарын саралады. Кейін аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанайбаева Айнагүл Мұратқызы кірістер мен шығыстарды қамтитын бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша баяндады.

    Сонымен қатар, аппарат басшысы Жұмасат Мақсат Ерболатұлы облыс және аудан әкімдерінің есеп беру кездесулерінде көтерілген сұрақтар туралы баяндап, тұрғындар тарапынан айтылған өзекті мәселелердің шешу жолдарын таныстырды. Жиналыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктелді.

    Отырыс соңында аудан әкімі Жансейт Қайнарбаев әр көтерілген тақырыпқа мұқаят қарап, жауапты мамандарға арнайы тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын қатаң бақылауында ұстайтынын жеткізді.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары