1 / 5
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әкімдердің халықпен жылына кем дегенде екі мәрте кездесулер өткізу жөніндегі тапсырмасы аясында Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Төлеубеков Қуандық Серікбайұлы Ұланбел ауылы тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді. Жиын барысында атқарылған жұмыстармен алдағы міндеттер туралы баяндалып, одан әрі кездесу сұрақ - жауап форматында жалғасты. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс - пікірлерін жеткізді.









