
Ұлытау облысы Полиция департаментінің жеке құрамы арасында дене шынықтыру дайындығы бойынша жылдық бақылау нормативтерін тапсыру жұмыстары жүргізілуде.
Сынақ барысында қызметкерлердің күш-қуаты, жылдамдығы, төзімділігі және жалпы дене дайындығы бағаланады. Бақылау нормативтері полицейлердің физикалық мүмкіндіктерін саралап, дайындықты жетілдіруді қажет ететін бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.
Полиция қызметі жедел әрекет етуді, шапшаңдық пен төзімділікті талап етеді. Сондықтан дене дайындығын тұрақты жетілдіру — қызметтік міндеттерді сапалы орындаудың және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты.








