
🏆
АМАНОВ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
2026 жылғы 1 қазанда Семей қаласында білім мен білікті, ізденіс пен талапты тоғыстырған математика пәнінен Т. Аманов атындағы олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша А. Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Алғожина Еркежан жүлделі ІІІ орын иеленді!
🥉
ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН
Алғожина Еркежан — 10-сынып оқушысы
Еркежанның бұл жетістігі – оның білімге деген талпынысы, ізденісі мен табанды еңбегінің нәтижесі. Бұл жеңіс жас дарынның математика пәніне деген қызығушылығы мен жоғары мақсаттарға ұмтылысының айқын көрінісі.
Жас дарынды шәкіртті олимпиадаға дайындаған жетекшісі Балтабекова А.Б. -ға еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз!
🎓 Білімді ұрпақ — ел болашағы!
Жас дарынға жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!








