Қарақұдық ауылдық округінің сайланған әкіміне куәлік табысталды

    Қарақұдық ауылдық округінің сайланған әкіміне куәлік табысталды

    Қарақұдық ауылдық округінің сайланған әкіміне куәлік табысталды

    Қарақұдық ауылдық округінің сайланған әкіміне куәлік табысталды

    2026 жылғы 29 қыркүйекте Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қарақұдық ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді. Комиссия төрағаның орынбасары А.К. Рахманова сайланған әкімге куәлік табыс етті.

    Қарақұдық ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Рустембеков Темиргали Сапаргалиевич 2026 жылғы 29 қыркүйектен бастап өз міндеттерін ресми түрде орындауға кірісті.

    Рустембеков Т.С. 1966 жылы 5 қазанда Қарақұдық ауылында дүниеге келді.

    1984 жылдың ақпанынан 2004 жылдың шілдесіне дейін ол Қазақ КСР-інің 10 жылдығы кеңшарында мал шаруашылығы саласында еңбек етті. 2005 жылдың шілдесінен 2018 жылдың қазанына дейін Қарақұдық ауылдық округі әкімдігінде бас маман қызметін атқарды. 2018 жылы Ертіс ауданындағы Қарақұдық ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ертіс ауданының әкімдігі" жаңалықтары