Ертіс ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    «Ертіс ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің қызметін ұйымдастыру-құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын атқарушы-өкімдік орган болып табылады.

    Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті кім ала алады?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмекті Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын босқындар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ала алады.

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кімге беріледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабы 1-тармағына сәйкес, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға өтініш берілген сәттен бастап, барлық қажетті құжаттармен бірге, тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібінде беріледі.

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады

    Жауап

    "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (Өткен тоқсандағы отбасының бір мүшесіне-22792 теңге). Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша тұрақты тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжатпен жүгіну немесе "электрондық үкіметтің"E-gov веб-порталы арқылы жүгіну қажет. Жүгінген кезде сізге толық консультация беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) туралы мәселе қаралатын болады.

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 3-тармағына сәйкес жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарын беруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға өтініш береді. ҚР Жер кодексінің 44-1-бабына сәйкес азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. Жер учаскелерін беру кезектілік тәртібімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу үшін су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдардың дайындалуына қарай жүзеге асырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін кезектен тыс және жеңілдікпен беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделмеген.

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады

    Жауап

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі-заң) 67-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарының пайдалануына беріледі. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға бірінші кезекте құқығы бар. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасын ескере отырып, сіз тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілесіз. Құқықтық негіздердің болмауына байланысты кезектілік тәртібін бұза отырып тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сонымен қатар, сіз уақытша тұрғын үй беру мәселесін қарау үшін жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылысыз.

    Бюджет

    АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ (ЕРТІС АУДАНЫ ПАНФИЛОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ аумағында 2027-2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (жоба)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Павлодар облысы Ертіс ауданы Амангелді ауылдық округінің 2027-2029 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті (жоба)

    Жарияланды:
    Бюджет

    Павлодар облысының «Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2027-2029 жылдарға арналған азаматтық бюджеті. (ЖОБА).

    Жарияланды:
    Бюджет

    Павлодар облысының 2027-2029 жылдарға «Ертіс ауданының қаржы бөлімі» ММ азаматтық бюджеті ( ЖОБА).

    Жарияланды:
    Бюджет

    2027-2029 жылдарға арналған «Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» КММ Азаматтық бюджетінің жобасы

    Жарияланды:
    Бюджет

    2027-2029 жылдарға арналған " Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "КММ азаматтық бюджеті (жоба)

    Жарияланды: