Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады

    Жауап

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі-заң) 67-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарының пайдалануына беріледі.

    Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға бірінші кезекте құқығы бар.

    Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасын ескере отырып, сіз тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілесіз.

    Құқықтық негіздердің болмауына байланысты кезектілік тәртібін бұза отырып тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкін емес.

    Сонымен қатар, сіз уақытша тұрғын үй беру мәселесін қарау үшін жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылысыз.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті кім ала алады?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмекті Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын босқындар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ала алады.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кімге беріледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабы 1-тармағына сәйкес, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мұқтаж...

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады

    Жауап

    "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азам...

    ·
    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Же...

    ·
    Сұрақ

    Егер сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысқыңыз келсе

    Жауап

    Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдаманы Сіз Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен ала аласыз.Ұсынылатын бағыттар: 1. Жастар практикасына; 2. Қоғамдық жұмыстарға; 3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін; 4. Жұмысқа ор...

    ·
    Сұрақ

    "Дипломмен ауылға" жобасы бойынша жиі қойылатын сұрақтар

    Жауап

    Жаңа қағидаларға сәйкес әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ (осы Қағидалардың 10-тармағындакөрсетілген құжаттарды қарау кезінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жыл ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен бер...

    ·