
2026 жылғы 1 қазанда «Үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» ҚММ-нің егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігі шектеулі және I, II топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері қызмет алушыларды Қарттар күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Мерекеге орай, әлеуметтік қызмет алушыларға, оның ішінде зейнетақысы төмен қарт адамдарға азық-түлік себеттері табысталды.
Іс-шараның басты мақсаты – егде жастағы азаматтарға құрмет көрсету, олардың көңіл-күйін көтеру және әлеуметтік қолдау білдіру.
Қарттар күні – аға буынға алғысымызды білдіріп, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін бағалайтын ерекше күн. Барша ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз.







