
2026 жылдың 1 қазаны күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 65-ші сессиясы өтті. Отырыс аудандық мәслихат төрағасы Мұратбек Болысбекұлы Көкрекбаевтың төрағалығымен өтті.
Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Доғдырбайұлы Байарыстан, тиісті аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде 11 мәселе қаралды. Маңызды сұрақтардың қатарында:
1.«2026-2028 жылдарға арналған Меркі ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №53-2 шешіміне өзгерістер енгізу;
2.Аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссиялар құрамын бекіту және оларға өзгерістер енгізу.
Күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелер депутаттар тарапынан егжей-тегжейлі талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.







