Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы №1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығының жариялануына байланысты төмендегіні хабарлаймыз:
1.Меркі аудандық мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйекте жариялаған аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін өз міндеттерін атқарудан босату және олардың комиссия құрамынан шығуына байланысты бос орындарға сайлау өткізу жөніндегі жұмыстары тоқтатылды.
2.Меркі аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 қазанда жарияланған, 2026 жылғы 14 қазан күні сағат 10:00-ге жоспарланған кезектен тыс 66-сессиясы өткізілмейді.
Меркі аудандық мәслихатының аппараты









