
2026 жылғы 28 қыркүйекте аудан әкімдігінің мәжіліс залында Меркі аудандық мәслихатының кезектен тыс 64-ші сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
«2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №52-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
«Меркі аудандық мәслихаты Аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы.
Сессия барысында халық қалаулылары күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік органның қызметін тиімді ұйымдастыруға бағытталған тиісті шешімдер қабылдады.







