
Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы Батпақты ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 287-ші ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті төрт елді мекендегі шамамен 1 300 тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Өрт сөндіру бекеті тәулік бойы кезекшілік атқаруға бейімделген. Мұнда кезекші құрамның жұмыс істеуі мен тынығуына қолайлы жағдайлар жасалып, арнайы техниканы орналастыруға арналған гараж және қажетті тұрмыстық бөлмелер қарастырылған.
Ерікті өртке қарсы құралымға ТЖМ тарапынан өрт сөндіру автокөлігі беріліп, қажетті өрт-техникалық жарақтар мен байланыс құралдарымен қамтамасыз етілді. ТЖД мамандары еріктілерге тұрақты түрде теориялық және практикалық дайындық өткізіп, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі тиімді әрекет ету дағдыларын жетілдіреді.
Жаңа бекеттің ашылуы елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырып, төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл бастама табиғи және дала өрттерінің алдын алу жұмыстарын күшейтуге ықпал етіп, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.









