
Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданындағы Октябрьское ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 284-ші ерікті өртке қарсы бекет пайдалануға берілді.
Бекет Октябрьское, Гаврино, Зарослое, Хлебороб және Суворовка елді мекендерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оның жауапкершілік аймағында 630 адам тұрады.
Жаңа бекет заманауи техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бекетте қызмет атқаруға қажетті барлық жағдай жасалған. Мұнда ТЖМ ұсынған өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары, өрт-техникалық жарақтар мен жауынгерлік киім-кешек бар. Еріктілер Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде арнайы даярлықтан өтті.
«Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымының ашылуы елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, төтенше жағдайларға жедел ден қоюға және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.








