Тайынша ауданының агроөнеркәсіп кешенінде жаңа жобалар жүзеге асырылуда

    Тайынша ауданының агроөнеркәсіп кешенінде жаңа жобалар жүзеге асырылуда

    Жұмыс сапары барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданында жүзеге асырылып жатқан бірқатар инвестициялық жобалардың барысымен танысты.

    ✔️ Чкалов ауылында «Север-Охота» ЖШС артемия шаянының цистасын өңдеу және өткізу зауытын салып жатыр. Жобаның құны – 1,3 млрд теңге. Кәсіпорын жобалық қуатына шыққаннан кейін жылына 1 200 тоннаға дейін өнім өңдей алады.

    ✔️ Ильичевка ауылында «ПТФ Есильская» ЖШС 80 мың жұмыртқалайтын тауыққа арналған жаңа құс қорасын салуда. Жобаны іске асыруға кәсіпорын 700 млн теңге көлемінде өз қаражатын бағыттап отыр.

    ✔️ Теңдік ауылындағы «Аманат» шаруа қожалығы мал шаруашылығын дамытуда. Мемлекеттік бағдарламалар аясында шаруашылық 1,3 млрд теңге көлемінде несие алды. Алдағы уақытта Австралиядан ангус тұқымды 500 бас ірі қара және дорпер тұқымды 525 бас қой әкелу жоспарланған.

    Сапар барысында өңір басшысы аға буын өкілдерімен және аудан тұрғындарымен де кездесті. Кездесуде тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. Көтерілген барлық өтініштер мен ұсыныстар бақылауға алынды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары