
«TÚRKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жастардың кәсіпкерлік сауаттылығын арттыру және заманауи технологияларды бизнеске енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатта облыс орталығындағы «Woosong» университетінің студенттеріне арналған кәсіпкерлік және жасанды интеллект тақырыптарында семинар ұйымдастырылды.
Биыл маусым айынан бастап орталық кәсіпкерлік негіздері мен агрокомпетенциялар бойынша семинар-тренингтер өткізіп келеді. Ал бұл семинар - жастардың бизнес-идеяларын дамытуға, нарықты зерттеуге, бизнес-модель құруға және цифрлық құралдарды тиімді пайдалануға арналды. Аталған бастама Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Қазақ-корей университеті арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда. Екі тарап биыл қаңтар айында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.
Орталықтың оқыту бөлімінің басшысы Ержан Кангелдиевтің оқыту барысында жасанды интеллект құралдарын маркетингте, контент әзірлеуде, нарықты талдауда, клиенттермен жұмыс істеуде және бизнес-жоспар құруда қолдану мүмкіндіктеріне назар аударуға шақырды. Сонымен қатар, студенттерге өз идеяларын нақты кәсіпкерлік жобаға айналдырудың негізгі кезеңдері түсіндірілді.
Алдағы уақытта университет базасында бизнес-инкубатор құру жоспарланып отыр. Бұл алаң - студенттердің тың идеяларын дамытуға, команда жасақтауға, бизнес-модель әзірлеуге және алғашқы тұтынушыларын табуға мүмкіндік беретін орта қалыптастыруды көздейді. Бастаманың негізгі мақсаты – жастардың кәсіпкерлік белсенділігін арттырып, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді пайдалана алатын жаңа буын кәсіпкерлерін қалыптастыруға жағдай жасау.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі









