«Таза Қазақстан»: Қызылорда полицейлері тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуде

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Таза Қазақстан»: Қызылорда полицейлері тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуде
    Қызылордада полиция қызметкерлері халықтың экологиялық мәдениетін арттыру және өңірдегі елді мекендерде тазалықты сақтау бойынша жұмысқа белсене араласуда.
    Қызылорда облысы Полиция департаментімен арнайы жұмыс тобы құрылып, учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аймақтарда стихиялық қоқыс орындарын және оның пайда болу көздерін анықтау бойынша жұмыстар атқаруда.
    Полиция қызметкерлерімен бір апта көлемінде 400-ге жуық астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Абаттандыру қағидаларын бұзудың 261 дерегі, ал ортақ пайдалану орындарын ластауға қатысты 148 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.
    Бақылау шараларымен қатар полицейлер түсіндіру жұмыстарына да ерекше назар аударуда. Әкімшілік учаскелерде тұрғындармен тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары