Ақтөбе қаласында жазушы, публицист, сыншы әрі аудармашы Бигелді Ғабдуллиннің шығармашылығына арналған «Қалам мен қоғам» атты әдеби-танымдық кездесу кеші өтті

    Ақтөбе қаласында жазушы, публицист, сыншы әрі аудармашы Бигелді Ғабдуллиннің шығармашылығына арналған «Қалам мен қоғам» атты әдеби-танымдық кездесу кеші өтті

    Кездесу барысында қаламгердің әдебиет пен публицистикадағы шығармашылық жолы, өзіндік қолтаңбасы мен қоғамға қосқан үлесі сөз болды. Автордың көркем шығармалары мен публицистикалық еңбектері таныстырылып, оқырмандармен пікір алмасу ұйымдастырылды.

    Шара аясында «Қаламгердің қалам ізі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Бигелді Ғабдуллиннің шығармалары көпшілік назарына ұсынылды.

    Шараға зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, тіл, мәдениет және білім саласының мамандары, сондай-ақ оқырман жастар қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" жаңалықтары