1 қазан күні «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Қобыланды батыр» жыры атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

    1 қазан күні «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Қобыланды батыр» жыры атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

    Қазақтың батырлық эпосында ерекше орын алатын «Қобыланды батыр» жыры – ұлттық шеңберден шығып, жалпы түркілік эпикалық дәстүрмен тұтасып жатқан іргелі мұра. Ғасырлар бойы халық жадында сақталып, бірнеше нұсқада жеткен бұл туынды өз кезегінде көркемдік қуатымен ғана емес, тарихи-мәдени өміршеңдігімен де құнды.

    Жиынның басты мақсаты – «Қобыланды батыр» жырын ЮНЕСКО көлемінде материалдық емес мәдени мұра тізіліміне енгізу мүмкіндіктерін жан-жақты талқылау. Сонымен қатар фольклорлық мұраны сақтау, қазіргі заманғы мәдени кеңістікте жаңғырту және түркі халықтарының ортақ эпикалық мұрасындағы орнын айқындау мәселелері көтерілді.

    Халықаралық деңгейде өткен ауқымды конференцияғаТүркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясынан келген жетекші эпостанушылар, фольклортанушылар, тілтанушылар мен әдебиеттанушы ғалымдар қатысып, өз зерттеулерімен бөлісті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" жаңалықтары