Департамент өкілдері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жәрмеңкеге қатысты

    Департамент өкілдері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жәрмеңкеге қатысты

    Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жәрмеңке ұйымдастырылды.

    Жәрмеңкеге Алматы қаласындағы мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарының және ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен басшы орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова, бөлім басшылары Мейірхан Нұрақынұлы Мухамедиев, Жайдаркүл Асханқызы Отарбекова және Медеу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшының орынбасары Мейіржан Әшірханұлы Ахмет қатысты.

    Жәрмеңкенің мақсаты азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу бойынша жәрдем көрсетіп, консультациялық көмек беру болып табылады.

    Осыған орай кеңеске жүгінген бірқатар азаматтарға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамаларға сәйкес, түсіндірме берілді.

    Бұдан бөлек Департаменттің бөлім басшысы Мейірхан Нурахынұлы Мухамедиев жәрмеңкенің маңыздылығы жөнінде «Almaty TV» телеарнасына сұхбат берді.

    Департамент өкілдері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жәрмеңкеге қатыстыДепартамент өкілдері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жәрмеңкеге қатыстыДепартамент өкілдері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жәрмеңкеге қатыстыДепартамент өкілдері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жәрмеңкеге қатысты
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары