Сарыбастау ауылдық округінде халықпен кездесу өтті

    Сарыбастау ауылдық округінде халықпен кездесу өтті

    Сарыбастау ауылдық округінде халықпен кездесу өтті

    Сарыбастау ауылдық округіне қарасты елді мекендерде ауыл округі әкімінің тұрғындармен кезекті кездесуі өтті. Жиын барысында округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

    Кездесуде инфрақұрылымды дамыту, жолдарды жөндеу, тазалық пен абаттандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету және жайылымдық жерлер мәселесі кеңінен талқыланды.

    Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Округ әкімі қойылған әрбір сұраққа заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешілу барысын жеке бақылауына алатынын жеткізді.

    Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, ауылдың дамуына оң ықпалын тигізеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары