Сарыбастау ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы өтті

    1 / 3

    Сарыбастау ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы өтті

    Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Сарыбастау ауылдық округінде ауқымды тазалық сенбілігі болып өтті.

    Ауыл тазалығы мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бұл шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен жастар белсене қатысты.

    Сенбілік барысында:

    • Ауылдың орталық көшелері мен қоғамдық орындары қоқыстан тазартылды;

    • Арықтар мен су арналары аршылды;

    • Белгіленген аймақтарға санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.

    «Тазалық өзімізден, өз ауламыздан басталады. Туған өлкеміздің көркейіп, таза болуы — әрбір тұрғынның азаматтық борышы.»

    Акцияға белсене қатысып, туған ауылымыздың тазалығына өз үлесін қосқан барша ауыл тұрғындарына алғысымызды білдіреміз!

    🌿 Тазалықты бірге сақтайық!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары