
Бүгін аудан әкімі С. Займолдин Белсенді, ұзақ өмір сүру орталығында болып, орталыққа тұрақты түрде келетін аналармен кездесті.
🔹️Кездесудің басты мақсаты – аға буын өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларды толғандыратын мәселелерге назар аудару, сондай-ақ орталықтың жұмысын одан әрі жетілдіру бағыттарын талқылау.
🔸️Кездесу барысында аудан әкімі аналармен еркін форматта әңгімелесіп, олардың күнделікті тыныс-тіршілігі, орталықта ұйымдастырылатын іс-шаралар мен бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған мүмкіндіктер жөнінде пікір алмасты.
🔹️Аналар өз кезегінде орталықтың жұмысына қатысты ұсыныстарын айтып, өздерін толғандыратын мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар, түрлі мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, орталықтың материалдық-техникалық мүмкіндіктерін арттыру, аға буын өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау бағытында бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
🔸️Аудан әкімі айтылған ұсыныстарды мұқият тыңдап, олардың әрқайсысы назарға алынатынын атап өтті. Кездесу соңында аналар аудан басшысына арнайы уақыт бөліп, пікірлерін тыңдағаны үшін ризашылықтарын білдірді.









