Граффити мен вандализм: Астаналық оқушыларға заң талаптары түсіндірілді

    Граффити мен вандализм: Астаналық оқушыларға заң талаптары түсіндірілді

    Астана қаласының білім беру мекемелерінде «Қоғамдық орындарда вандализм мен граффити салудың алдын алу» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп жатыр. Бұл жолғы іс-шара Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №11 мектеп-лицейінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Іс-шараларға прокуратура, Астана қаласы Білім басқармасы және Полиция департаментінің өкілдері қатысты. Сынып сағаттары барысында оқушылар қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау, ортақ кеңістікті сақтау және бөтеннің мүлкіне зиян келтіргені үшін заңнамада көзделген жауапкершілік мәселелерін талқылады.

    Кездесулердің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында қоғамдық тәртіп пен ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және оның салдарын түсіндіру.

    «Былтырдан бері «Адал адам» бағдарламасының «Заң мен тәртіп» бағдары бойынша көптеген шаралар өтіп жатыр. Бұл жолғы басқосу – қоғамдық орындардағы вандализмнің алдын алу. Баста мақсат – жас ұрпақ арасында қоғамдық мүлікке құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Аталған жиынға оқушылар белсенді қатысып, пікір-талас форматында өтті», – деді Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №11 мектеп-лицейінің директоры Замзагүл Камешева.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары