ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
    ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
    Бүгін аудан орталығы Темірлан ауылындағы «Мирас» мейрамханасында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай тағылымды іс-шара өтті.
    Мерекелік жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, ардагерлер, қазыналы қариялар мен ақ жаулықты әжелер қатысты.
    Іс-шара барысында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, олардың ел мен жердің дамуына қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтілді. Қариялар – ұрпаққа өнеге, өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір, елдік пен бірліктің берік негізі екені айтылды.
    Аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы мерекеге жиналған ардагерлер мен қарияларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарымен бірқатар ардагерлерді марапаттап, олардың ел игілігі жолындағы еңбектеріне ризашылығын жеткізді.
    Жиында қариялардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екені айтылып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілектері білдірілді.
    Мерекелік шара барысында қазыналы қарияларға сый-құрмет көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды.
    Қартын ардақтаған елдің ырысы артып, берекесі молаяды. Аға буынға құрмет көрсету – баршамызға ортақ парыз.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары