Павлодар облысының ормандары тәулік бойы бақылауда

    Павлодар облысының ормандары тәулік бойы бақылауда

    Павлодар облысында орман өрттерін ерте анықтауға арналған ЕАЖ-1 жүйелері табиғи аумақтарды тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді. Жүйе өрттің алғашқы белгілерін автоматты түрде анықтап, ақпаратты диспетчерлерге жібереді. Бұл қауіп туындаған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

    Бейнебақылау мен интеллектуалды талдау өрт белгілерін бастапқы кезеңде анықтап, қажетті күштерді оқиға орнына жедел бағыттауға көмектеседі. Қалпына келуі ондаған жылдарға созылатын ормандарды қорғауда әр минут маңызды.

    Павлодар облысында өртті ерте анықтау жүйелерін енгізуге және қажетті инфрақұрылымды дамытуға «Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемдері есебінен 1 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады. Жұмыс Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

    Еске сала кетейік, еліміздің табиғи аумақтарында өртті ерте анықтау жүйелерін енгізуге «Жасыл даму» АҚ жалпы 16,9 млрд теңге бағыттады. Қазақстанның жеті өңіріне 14 ЕАЖ-1 жүйесі берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары