
2026 жылғы 30 қыркүйекте аудан әкімдігінің мәжіліс залында Бәйтерек ауданы мәслихатының кезекті 35-сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі, мемлекеттік органдар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ шақырылған азаматтар қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі болды. Баяндаманы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Лұқпанұлы Тоқжанов жасады.
Сондай-ақ ауылды дамыту және аграрлық саясат, экология, табиғатты пайдалану және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қызметі қаралды. Тұрақты комиссияның мүшесі Асель Амангелдіқызы Ижанова баяндама жасады.
Сонымен қатар депутаттар Бәйтерек ауданы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу мәселесін қарады.
"Бәйтерек ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережелері бекітілді.
Бұдан бөлек, депутаттар аудан әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу мәселелерін қарады. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданының терроризмге қарсы комиссиясының, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, сондай-ақ Бәйтерек ауданы әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамдарына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Сессия отырысы Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді Facebook https://www.facebook.com/100031841144880/videos/1456148939665446






