Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының 2027 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының салық кодексінің 726-бабына сәйкес әзірленді.
Осы жобаның мақсаты Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2027 жылға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға (шығыстарды есепке алмағанда) дейін төмендету.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2026 жылғы 29 қыркүйектен бастап 14 қазанына дейін көпшілік талқылауда орналасқан, сілтеме https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2390729&type=2
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.
«Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы әкімдігінің
кәсіпкерлік бөлімі» КММ-нің
басшысы Н. Голубь




