
Мәслихаттың тұрақты комиссиялары отырысының жоспарына сәйкес Біржан сал ауданы мәслихатының депутаттары Біржан сал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті бөлімінің басшысы Джанбаев С.А.-ның ақпаратын тыңдады.
Депутаттар Мемлекеттік кірістер комитеті бөлімінің басшысы ұсынған ақпаратты талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, қаралған мәселелер бойынша пікір алмасты.
Талқылау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар жауапты тұлғаларға қаралған мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруды және берілген өкілеттіктер шеңберінде қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етуді ұсынды.







