
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ 2026 жылғы 30 қыркүйек сағат 08.30-дан 2026 жылғы 30 қазан сағат 17.30-ға дейін веб-порталhttps://export.gov.kz/qaztradeарқылы өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге қосымша өтінімдер қабылдау басталатыны туралы хабарлайды.
Веб-портал арқылы сағат 17.30-дан кейін және демалыс күндері келіп түскен өтінімдер кезектілік тәртібімен келесі жұмыс күні тіркелетін болады.
Анықтама телефондары:
8 (7172) 76-85-11 (ішкі106, 302, 341, 292)
8 (7172) 76-85-88 (ішкі327, 301, 326)
8 (7172) 76-85-91 (ішкі101, 340)
8 (7172) 76-85-25 (ішкі322)
Өтініш беру кезінде туындайтын техникалық мәселелерді шешуге арналған телефон:
8 (7172) 76-88-27 (вн. 112)
Шығындардың бір бөлігін өтеуді алу тәртібі туралы толық ақпаратҚағидалармен реттелген (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028994 ), веб-порталда (https://export.gov.kz/ ) және сайтта (https://qaztrade.org.kz/ ) орналастырылған, өңдеу өнеркәсібінің қазақстандық шығарылған тауарлары мен қызметтерінің, сондай-ақ цифрлық қызметтердің тізбелері Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі №219-НҚ бұйрығымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/rus/docs/G26TI000219 ).









